Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 26 сәуір күні 7 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша «Нысандардың үш өлшемді модельдері» тақырыбында онлайн сабақ өткізілді. Онлайн сабақты Зеленов ауданы Асан ЖОББМБК-нің информатика пәні мұғалімі Жангирова Балсулу Изтелеуовна өткізді.

Мұғалім сабақты «Орныңды тап» ойынымен бастап, үй тапсырмасын «learning.apps» қосымшасы арқылы тексерді. Жаңа тақырыпты Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған бейнематериал көрсетілді. Сабақ барысында оқушылар SketchUp бағдарламасында «Болашақ Астана», «Ақылды қала, жасыл қала Астана» тақырыптарында виртуалды көрме жасақтады. Kahoot.it қосымшасы арқылы сабақта алған білімдері тексерілді. Сабақ жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес өткізілді. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында онлайн сабаққа қатысушылар Б.И.Жангироваға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

2

3

4

5

6

7

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2