Негізгі бет

«Үздік информатика кабинеті - 2016» облыстық байқауы


1
 

Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің үшінші ауысымының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдерін Паскаль бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2016 жылдың 1- 5 тамызы аралығында облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің үшінші ауысымы өткізілді. «Зерде» мектебіне әр аудан (қала) бойынша бір информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 12 адам. Жалпы бес күндік мектеп жұмысында Паскаль бағдарламалау тілінен өткен тақырыптар бойынша әр түрлі деңгейдегі олимпиада есептері қарастырылды.
Толығырақ...
 

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сандық білім беру ресурстарын қолдану» тақырыбында информатика пәні бойынша облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысының қорытындысы


Информатика пәні бойынша өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылау, сараптама жасау және жаңа оқу жылына бағыт-бағдар беру, білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарын айқындау мақсатында 2016 жылдың 4 тамыз күні Орал қаласының №47 жалпы орта білім беретін мектебі базасында информатика пәні бойынша «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сандық білім беру ресурстарын қолдану» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Толығырақ...
 

«Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» оқыту-практикалық семинарының қорытындысы


2016-2017 оқу жылынан бастап орта білім беру жүйесінің жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне байланысты, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығы ағымдағы жылдың 30 мамыры мен 14 маусымы аралығында «Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында 2 күндік оқу-практикалық семинарларын өткізді.
Толығырақ...
 

«Сабақ сапасы – ұстаз білімінде» облыстық жас мұғалімдерге арналған әдістемелік он-лайн конференцияның қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2016 жылдың 20 мамыр күні информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «Сабақ сапасы – ұстаз білімінде» тақырыбында он-лайн режимінде конференция өткізілді.
Толығырақ...
 

«Үздік электрондық оқу-әдістемелік кешен» облыстық байқауы


1
 

Облыстық «Эрудит» он-лайн байқаудың қорытындысы туралы


Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуға, ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін қолдану іскерлігін дамыту және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас ортасын қалыптастыру мақсатында білім басқармасының 2016 жылғы 5 сәуірдегі  №206 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Эрудит» он-лайн байқауы өткізілді.
Толығырақ...
 

XI облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің қорытындысы туралы


Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 14 наурыздағы №152 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Орал қаласының №47 ЖОББМ базасында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында XI облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді.
Толығырақ...
 


Страница 1 Барлығы: 15

Онлайн шаралар


2016 жылдың
20 мамырында

сағат 10:00-де «Ministerstvo» бөлмесінде 9-11 сынып оқушыларына арналған білім несиелері бағдарламасы және Қазақстандағы білім берудің жинақтау жүйесі туралы интерактивті онлайн сабақ өтіледі (қазақ және орыс тілдерінде).
Тақырыбы: «Образовательный кредит под гарантию государства» және «Образовательная накопительная система».
Оқытушы: Сулейменова Данагуль Сериковна – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ менеджері.

Біздің жобалар

 
1
 
2