Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 18 сәуір күні 8 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша «Диаграммалар және оларды тұрғызу» тақырыбында онлайн сабақ өткізілді. Онлайн сабақты Қаратөбе ауданы Шөптікөл жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының информатика пәні мұғалімі Ермекова Қалампыр Сансызбайқызы өткізді.

Мұғалім үй тапсырмасын интерактивті тапсырма және фронтальды сұрақтар қою арқылы тексерді. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендігін компьютерде деңгейлік тапсырмалар орындатып және easy Quizzy бағдарламасында тест өткізу арқылы тексерді. Оқушылар жаңа сабақ бойынша алған білім деңгейлерін «Блоб» ағашына смайликтер жапсыру арқылы көрсетті. Сабақ барысында жеке, топтық, компьютермен жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп,сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында қатысушылар Қ.С.Ермековаға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

2

3

4

5

6

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2