«My robot» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 9 ақпандағы №113 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Орал қаласының №46 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында 5-10 сынып оқушылары арасында «My robot» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласы мектептері, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушыларынан құралған 63 команда қатысты.

Байқау 5 категория бойынша өткізілді: сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін, кегельринг, кегельринг-квадро, сумо, шығармашылық байқау.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

«Сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін» категориясы:
І орын - облыстық дарынды балаларға арналған  мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының «Avengers» командасы;
ІІ орын - Казталов ауданы Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының «Трансформер» командасы;
ІІІ орын - Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің «Saulet» командасы.

«Кегельринг» категориясы:
І орын - Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің «P-kaz SOSH» командасы;
ІІ орын - Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің «Kega-S» командасы;
ІІІ орын - Ақжайық ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің «Robotech» командасы.

«Кегельринг-квадро» категориясы:
І орын - Бөкей ордасы ауданы М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Болашақ» командасы;
ІІ орын - Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің «Горизонт» командасы;
ІІІ орын - Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің «P-kaz SOSH» командасы.

«Сумо» категориясы:
І орын - Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының «Kirpichok» командасы;
ІІ орын - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының «Robot X» командасы;
ІІІ орын - Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің «Көкпар» командасы.

«Шығармашылық байқау» категориясы:
І орын - Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының «Vertex» командасы;
ІІ орын - Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің «Mark-2» командасы;
ІІІ орын - Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «idcom2018» командасы.

Номинация иеленгендер:
1. «Үздік бағдарлама» - Сырым ауданы Бұлдырты жалпы орта білім беретін мектебінің «Buldyrty-ES3» командасы;
2. «Жүйрік робот» - Теректі ауданы Чапай жалпы орта білім беретін мектебінің «Shter» командасы;
3. «Ең жылдам робот» - Жәнібек ауданы №1 мектеп-лицейінің «Robotomix», Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің «RobotUralsk1» және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің «Assasin’s creed» командалары;
4. «Алғыр» - Жәнібек ауданы №1 мектеп-лицейінің «Altron» командасы;
5. «Жігерлі» - Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «idcom2018» командасы;
6. «Мықты робот» - Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясының «ЖМГ-2» командасы;
7. «Ғылыми ізденіс» - Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің «Меридиан» командасы;
8. «Жас конструктор» - Бөкей ордасы ауданы М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Космос» командасы;
9. «Ұлттық smart-жоба» - Зеленов ауданы Асан жалпы орта білім беретін мектебінің «Techno» командасы;
10. «Көркем шеберлік» - Теректі ауданы Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «High mindstorms» командасының мүшелері Сапарбай Балауса және Жанболатқызы Ақжан;
11. «Ең тез конструктор» - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының «Robot X» командасының мүшесі Тауфик Аймедет.

b1 b2

b3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2