«Scratch бағдарламалау тілі» облыстық жас мұғалімдерге арналған әдістемелік он-лайн семинардың қорытындысы


Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 22 ақпан күні он-лайн режимінде информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «Scratch бағдарламалау тілі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарда «Scratch бағдарламалау тілі» туралы Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Г.Мурзағалиева өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Гүлмира  Шұғайқызы Scratch бағдарламасының мәнін ашып түсіндірді,  соның ішінде блоктар палитрасымен, Scratch-тің бағдарламалық жобалар жасау барысымен таныстырып, «Дискотека» жобасының алгоритмін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

Презентацияны жүктеу

Жобаны жүктеу

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2