Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің бірінші ауысымының қорытындысы


Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдерін С++ бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2018 жылдың 8-12 қаңтар аралығында информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің бірінші ауысымы өткізілді.

 «Зерде» мектебіне әр ауданнан 1, қала және облыстық мектептерден 2 информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 16 адам. Жалпы бес күндік мектеп жұмысында «С++тілінің негізгі операторлары»,«С++ тілінің элементтері, Деректер типі. Операциялар және өрнектер», «С++ тіліндегі сызықтық, таңдау, тармақталу, циклдарды бағдарламалау» тақырыптары бойынша әртүрлі бағытта есептер шығарылды. Келесі ауысымға мұғалімдерге үй тапсырмасы берілді.

1 2

3 4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2