Колледж оқушыларына арналған "Зат есім" электрондық оқулығын жасау бойынша облыстық байқауының қорытындысы туралы


Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 6 ақпандағы №68 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 6 ақпаны мен 7 сәуірі аралығында колледж оқушыларына арналған "Зат есім" электрондық оқулығын жасау бойынша облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға "ЭЕМ операторы", "Техник", "Техник-бағдарламашы" мамандықтары бойынша оқушылардың жұмыстары ұсынылды.

Байқаудың жеңімпаздары:
1. I орын -  Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің оқушысы А.Болатов (жетекшілері - Г.Кудабаева, А.Халелова) (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің оқушысы Г.Айдынгалиева (жетекшісі - С.Елешев) (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқушылары Н.Кожабаев, Е.Усагалиев, А.Әжімұрат, Д.Жнекеш, Н.Несіпқалиев (жетекшілері - А.Ералиева, А.Искалиева, С.Бекенова, А.Джумагазиев) (диплом және бағалы сыйлық).

Номинациялар:
"Баяндалған материалдың толықтығы және колжетімділігі" - Теректі колледжінің оқушысы А.Жургалиев (жетекшілері -Т.Рахимгалиев, Г.Хайредденова) (грамота).
"Баяндау шебері" - Сырым колледжінің оқушысы Д.Досжан (жетекшісі - Е.Игилманов) (грамота).
"Бастапқы жоба" - Қаратөбе колледжінің оқушысы Қ.Серікқалиев (жетекшісі - Г.Сүлейменова) (грамота).

b1 b2

1 2

3 4

5 6

7

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2