«Мақсатым - шеберлікті шыңдау» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 8 ақпандағы №75 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 сәуір күні жас информатика пәні мұғалімдері арасында «Мақсатым - шеберлікті шыңдау» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан барлығы 11 информатика пәні мұғалімі қатысты.
Байқауға қатысушылар электрондық тест сұрақтарына жауап беріп, MS Word, Excel, PowerPoint бағдарламалары бойынша шығармашылық тапсырмалар орындады. Байқау М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында өткізілді.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын  – Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Джамбулатова Жанар Сағынғалиқызы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Зеленов ауданы Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының мұғалімі Мұқашев Бекжан Бейбітұлы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Абдрахманова Манаргүл Ақылбекқызы (диплом және бағалы сыйлық).

Номинацияға ие болғандар:
«Зерделі ұстаз» - Қаратөбе ауданы Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Маратов Асхат Маратұлы;
«Талапты  ұстаз» - Казталов ауданы Богатырев жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Неталиева Жайнар Суйнбаевна;  
«Мәтінді безендіру шебері» - Бөкей ордасы ауданы Жәңгірхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Муханбетов Маханбет Сәрсенбайұлы.

b1 b2

1 2

3 4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2