Облыстық бағдарламашылар мектебінің қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, сонымен қатар олимпиадалық есептерді шешуде С++ бағдарламалау тілін қолдана отырып, мұғалімдер мен оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында 2017 жылдың 16 - 20 қаңтары аралығында «Бағдарламашылар мектебі» курсының  I кезеңі өткізілді. Курс жұмысына әр аудан мен қаладан 1 информатика пәні мұғалімінен және 8-11 сыныптан 1 оқушыдан қатысты.

Бес күндік оқуда қарапайым есептер (сызықтық және тармақталған алгоритм – шартты оперторлар), циклдер, бір өлшемді және екі өлшемді массивтер тақырыптары бойынша есептер қаралды.

Мектеп жұмысына барлық қатысушылар белсенділікпен қатысып, С++ бағдарламалау тіліне қызығушылық танытты.

Келесі ауысымға қатысушыларға үй тапсырмасы берілді.

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2