«Паскаль тілі – бағдарламалаудың негізі» оқу-практикалық семинарының қорытындысы


Информатика пәні мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру, олимпиада есептерін шығару дағдыларын қалыптастыру, кәсіби байланысты нығайту мақсатында 2016 жылдың 23 қараша күні Орал қаласының №46 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Паскаль тілі - бағдарламалаудың негізі» атты оқу-практикалық семинар өткізілді.

Семинарға «Зерде» озат тәжірие алмасу мектебі және «Паскаль бағдарламалау тілі» олимпиадасына қатысқан информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар басында мұғалімдерді ширату мақсатында EazyQuizzy бағдарламасында тест жұмысы берілді. Семинар барысында облыстық, республикалық олимпиадалар мен халықаралық шығармашылық бауқау есептерін бірнеше тәсілмен шығару жолдары көрсетілді. Өз іс-тәжірибелерімен бөліскен: Казталов ауданы Бірік ЖОББМ мұғалімі Г.Б.Кабашева, Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖОББМ мұғалімі О.Ш.Шапағатова, Орал қаласы №21 ЖОББМ мұғалімі Н.Г.Роберг, №38 МЛ мұғалімі А.А.Мулдашева.

Семинар соңында қатысушыларға қатысушы сертификаттары табысталды.

1

2

3

4

5

6

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2