«Деректер қорын басқару жүйесінде пішіндер құру» тақырыбындағы он-лайн сабақ қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сай, информатика пәні мұғалімдерінің біліктіліктерін көтеру, әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2016 жылдың 18 қараша күні «Деректер қорын басқару жүйесінде пішіндер құру» тақырыбында 11 сынып оқушыларына арналған он-лайн сабақ ұйымдастырылды. Сабақты Ақжайық ауданы Қ.Байсиықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Сабиров Біржан Серікұлы өткізді.

Сабақ басында Біржан Серікұлы шаттық шеңберін құрып, оқушылармен жылы қарым-қатынас орнатып, топқа бөлді. Сабақ барысында топпен, жұппен және электронды тест жұмысы ұйымдастырылды. Мұғалім он-лайн режимде MS PowerPoint, Activ inspire, MS Access бағдарламаларын тиімді қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.

Сабақ соңында әріптестері сабақта қолданған әдіс-тәсілдерінен көптеген жаңа мәліметтер алғандарын айта отырып, Біржан Серікұлына алғыстарын білдірді және еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

2

3

4

5

6

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2