Облыстық ақпараттандыру орталығы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы

«Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын Батыс Қазақстан облысы Әкімінің «Облыстың білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемелерін мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары қылып қайта құру туралы» 1999 жылғы 6 сәуірдегі №66 шешіміне сәйкес құрылды және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қазандағы №234 Қаулысымен «Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты:
• ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында балаларға қосымша білім беруді дамыту;
• облыстың білім беру жүйесіне АКТ-ны енгізу бойынша оқу-әдістемелік жұмыстар;
• оқу-тәрбие үрдісінде білім беру қызметкерлерінің АКТ-ны қолдану бойынша біліктілігін арттыру.

Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында ғылыми-техникалық бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын дамыту;
- базаларға алыстан кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету және басқаруды жетілдіру жолдарымен облыстың білім беру жүйесіне ақпараттық қызмет көрсету;
- білім беру саласында жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі-ЖАКТ) қолдану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеулік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар өткізу, оқыту үрдісінде аудиовизуалды техникалар мен оқу телеарнасын қолдану;
- ЖАКТ талаптарына сәйкес білім берудің барлық саласына тәртіп бойынша оқытудың аппаратты-бағдарламалық әдістемелік кешендерін құру;
- алгоритмдер мен бағдарламалар, фильмдердің кинобейнеслайды және фонохрестоматиялардың аймақтық қорын жүргізу;
- білім беру сапасы туралы жедел және нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін аналитикалық көрсеткіштер мен индикаторлар тізбегін қалыптастыру;
- ресурстық база қалыптастыру және білім беру сапасын бағалаудың облыстық қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 

Мекен-жайымыз: Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72.

Е-пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Телефондар: 26-04-64, 26-04-62

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2