«Мультимедиалық презентациялар конструкторы» он-лайн сабақтың қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибе алмасу мақсатында 2016 жылдың 25 сәуір күні Орал қаласы №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Қожахметова Лаззат Асылбекқызы 6-сынып оқушыларына «Мультимедиалық презентациялар конструкторы» тақырыбында он-лайн сабақ өткізді.

Лаззат Асылбекқызы үй тапсырмасын тексеруде «Бинго» әдісін тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятты, жаңа тақырыпқа слайдтағы ақпарат арқылы ауысты. Жаңа тақырыпты Джиксо әдісін қолдану арқылы түсіндіріп, топтық жұмыс ұйымдастыра білді. Жас мұғалім сергіту сәтін де көңілден тыс қалдырмады. Сабақтың әр бөлімінде жаңа оқыту технологияларын тиімді қолдана білді.

Сабақ соңында әріптестері Лаззат Асылбекқызына алғыстарын білдірді және еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

2

3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2