«Графикалық операциялар мен функциялар. Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі» он-лайн сабағының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдың 29 қаңтар  күні информатика пәні бойынша 8 сынып оқушыларына «Графикалық операциялар мен функциялар. Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Шыңғырлау ауданы Л.Қылышов атындағы Шилі ЖОББМ–нің информатика пәні мұғалімі Ж.Ж.Ибраемова өткізді.

Сабақ барысында мұғалім EasyQuizzy бағдарламасында электрондық тест,  синквейн әдісін, Венн диаграммасын қолданды. Практикалық тапсырманы компьютерде орындату арқылы оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыра білді. Оқушыларға бағалау парағын толтырту арқылы өз білімдерін бағалау дағдыларын қалыптастырды. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2