Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған облыстық мультимедиалық жобалар байқауының қорытындысы туралы


Облыстық білім басқармасының 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №589 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі мен 22 қазаны аралығында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған облыстық мультимедиалық жобалар байқауы өткізілді.

Байқауда «Қазақ хандығының негізгі құрылу себептері», «Қасым және Хақназар кезіндегі Хандықтың өркендеуі», «Есім хан кезіндегі реформалар», «Қазақ хандығының жүздерге бөлінуі» тақырыптары бойынша 13 жоба тыңдалды.

Байқаудың жеңімпаздары:
І орын - Казталов ауданының Қайынды ЖОББМ «Мұрагер» командасы (диплом және бағалы сыйлық);
ІІ орын - Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №2 ЖОББМ «Мұрагер» командасы (диплом және бағалы сыйлық);
ІІІ орын - Орал қаласының №20 ЖОББМ «Пиксель» командасы (диплом және бағалы сыйлық).

Номинациялар:
«Үздік тарих зерттеушілері» - Зеленов ауданы Мичурин ЖОББМ «Зерттеушілер» командасы (грамота);
«Үздік тарих білімпаздары» - Жәнібек ауданы Ғ.Сарбаев атындағы ЖОББМ «Мұрагер» командасы (грамота);
«Бейнеролик жасаудағы бірегей тәсілдемесі үшін» - Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ командасы (грамота).

b1 b2

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2