«Үздік оқу-әдістемелік кешен» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2015 жылғы 18 мамырдағы №315 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні «Үздік оқу-әдістемелік кешен» атты облыстық информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өткізілді.

Байқауға облыстың барлық аудандары, Орал қаласы және М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатынан барлығы 20 кешен ұсынылып, байқаудың қорытынды кезеңіне 15 жұмыс өткізілді. Қазылар алқасы оқу-әдістемелік кешендерді бағалау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуына, кешеннің интерактивтілігіне, автордың өз үлесі мен қосымша материалдарды қолдануына аса назар аударды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын
– Казталов ауданы Ғ.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Мендіғалиев Нұржан Ерсайнұлы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Ақжайық ауданы Қ.Байсыйқов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Сабиров Біржан Серікұлы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Таскарина Гүлжихан Үмбетқызы, Ажкеева Гаухар Алтынбекқызы, Мухтарова Гүлдана Сарсенгалиқызы, Кусаинова Ляззат Серикқызы (диплом және бағалы сыйлық);

Номинацияға ие болғандар:
«Озық дидактикалық жадығаттар жинағы» номинациясы
- Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімдері Г.М.Избасарова, Л.Н.Тулешева;
«Авторлық ізденіс» - Бөрлі ауданы Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдібиеті пәні мұғалімі А.М.Қожағалиева, Ақсай қаласы №2 ЖОББМ қазақ тілі мен әдібиеті пәні мұғалімі А.О.Бураншеева;
«Шебер техникалық шешім» - Ақжайық ауданы Абай мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі А.М.Қадырбаева;  
«Үйірменің үздік бағдарламасы» - Бөрлі ауданы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәні мұғалімі Т.Г.Коваленко;
«Үлгілі әдістемелік нұсқау» - Зеленов ауданы Щапов жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Г.А.Зинешова;
«Сәтті ұсыным» - Қаратөбе ауданы Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдібиеті пәні мұғалімі И.М.Отегенова.

1 2

1

2

3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2