«Туған өлке» облыстық байқауы


Білім басқармасының 2015 жылдың 17 қыркүйеқтегі №607 бұйрығы негізінде оқушылардың бойында өз Отаны Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану бойынша түйінді білімдерін дамыту мақсатында 2015 жылдың 22 қыркүйегі мен 22 қазаны аралығында облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығымен 8-10 сынып оқушыларына арналған «Туған өлке» облыстық білім беру байқауы өткізіледі.

Байқаудың негізгі міндеттері:
- отандық тарихтың анықталмаған деректеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру;
- оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен жоралары туралы білімдерін жетілдіру;
- оқушыларды Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы қосымша ақпараттық материалдармен таныстыру;
- оқушылардың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интерактивтік құрылғылардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану іскерлігін дамыту.

Байқау «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны форматында он-лайн режимінді өткізіледі.

1

Ережені жүктеу (қаз)

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2