Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің үшінші аусымының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдеріне Паскаль бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2015 жылдың 3-5 тамыз аралығында үш күндік информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің үшінші ауысымы өткізілді. «Зерде» мектебіне әр аудан (қала) бойынша бір информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 13 адам. Бірінші күні сабақ басталмастан бұрын, мұғалімдерге, осы ауысымда қаралатын тақырыптар бойынша деңгейлерін анықтау мақсатында, тест жұмысы өткізілді. Жалпы үш күндік мектеп жұмысында «Паскальдағы графика»,  «Координаттар бойынша суреттерді жасау», «Символдық мәлімет» және «Кіретін және шығатын файлдар» тақырыптары бойынша әртүрлі бағытта есептер шығарылды.

Келесі ауысымға мұғалімдерге үй тапсырмасы берілді.

1

2

3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2