"Мектептің фирмалық стилі» облыстық байқауының қорытындысы


Білім басқармасының 2015 жылғы 24 қаңтардағы №41 бұйрығына және  облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, визуалды тәсілдер арқылы мектептің фирмалық стилін жасау, оқушыларға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге ықпал ету, өскелең ұрпақтың бойында тарихи зердені, оны қорғаушыларға деген сыйластықты сақтау және оқушылардың қолданбалы графикалық бағдарламаларды үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 26 қаңтары мен 20 наурызы аралығында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Мектептің фирмалық стилі» облыстық байқауы өткізілді.

Байқау тақырыбы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналды. Байқау ережесіне сәйкес қатысушы командалар іріктеу турында (I кезең) «Жаныңда жүр  ардагер!»  акциясын өткізіп, акция барысында ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетті. Кейіннен акция қорытындысы бойынша қатысушылар қабырға газеті түрінде фото есептерін ұсынды. 23 команданың ішінен облыстық турға 10 команда іріктеліп алынды. 2015 жылдың 20 наурызында он-лайн режимінде облыстық тур өткізіліп, команда қатысушылары өздерінің облыстық турға дайындаған "Өткен жылдар батырларынан…" мектеп газетін қорғады.

Қазылар алқасының жұмыстарға берген бағасы:  

Номинациялар:
"Үздік графикалық бағдарламаларды қолданушы" – Жаңақала ауданы Жаңақала ЖОББМ "Соғыс іздерімен" командасы (грамота);
"Үздік ораторлық өнер" – Зеленов ауданы Зеленый ЖОББМ "Кот ученый" командасы (грамота);
"Ерекше дизайнерлік қабілеттілігі" – Тасқала ауданы "Сәулет" мектеп-лицейінің "Saulet" командасы (грамота).

Жүлделі орындар:
I орын - Бөкей ордасы ауданы М.Бегалиева атындағы ЖОББМ «iБын» командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Орал қаласы №30 ЖОББМ «Самға» командасы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Ақжайық ауданы Бударин ЖОББМ-балабақшасының «Қыран» командасы (диплом және бағалы сыйлық).

b1b1

1

2

3

4

5

6

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2