X облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі


2015 жылдың 28-29 сәуірі аралығында облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Infoman» интеллектуалдық компьютерлік турнирі өткізіледі.

X облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі – информатика, ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласында қомақты нәтижелерге жеткен жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін интеллектуалдық сайыс. Турнир жыл сайын ақпараттық және компьютерлік технологиялардың қолданылуымен интеллектуалды дарынды оқушылардың арасында өткізіліп келеді және келесі мақсаттарды көздейді:
- оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру;
- оқушылардың ғылыми техникалық қызметтер мен жаңа ақпараттық және компьютерлік технологияларға қызығушылығын арттыру және насихаттау;
- дарынды балаларды іздеу, анықтау және қолдау;
- білім арқылы табыстарға жету мотивациясын қалыптастыру;
- оқушыларды олимпиадалар, ғылыми және т.б. жарыстарға қатысуға таңдау және даярлау;
- оқушылар арасында интеллектуалдық ойындар, байқаулар, жарыстар және олимпиадаларды тарату;
- білім беру мәртебесін қалыптастыру.

Турнир 6 тур бойынша өткізіледі:
«Информатика А-дан Я-ға дейін» - информатика теориясы бойынша тестілеу;
«Есеп бізге сөз емес, артта қалар біз емес» - дербес компьютердің арифметикалық және логикалық негіздері. Есептеу жүйелері.
«Блок-сызбадан бағдарламаға дейін» - алгоритмдеу және бағдарламалау;
«Үй салу бізге қиын ба? Жүйелік блокты жиыңдар» - компьютер құрамы бойынша білімдерін тексеру.
Game-әлем.
«Дарынды бала – дарабоз бала» - шығармашылық жұмыс.

1 1

Ережені жүктеу (қаз)

Сұранысты жүктеу (қаз)

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2