«Жаңа стандартқа көшу жағдайындағы информатика пәнінің берілуі» аймақтық әдістемелік семинарының қорытындысы


Облыстық білім сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдеріне жаңа стандарт бойынша құзырлы білім беруді жүзеге асыратын оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдістерін көрсету, мұғалімдерінің озық тәжірибелерін тарату және информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2015 жылдың 25 ақпанында Казталов ауданының Бірік жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Жаңа стандартқа көшу жағдайындағы информатика пәнінің берілуі» тақырыбында аймақтық әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов ауданы мектептерінің информатика пәні мұғалімдері және әдіскерлер қатысты.  

Бірік ЖОББМ психологі А.Ж.Есболатова «Маяк» тренингісі арқылы семинарға қатысушыларды екі топқа бөліп, Тереңкөл ЖОББМ мұғалімі Ж.С.Какимова мен Ғ.Қараш ат. мектеп-гимназиясының мұғалімі И.Е.Бакитова ашық сабақтарына жол бастады. А.Оразбаева ат. ЖОББМ мұғалімі Н.А.Хайрушев және Ғ.Молдашев ат. ЖОББМ мұғалімі А.Е.Ерболатов «Информатика сабағында қазіргі заманғы технологияларды қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді. Бірік ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Г.Б.Кабашева облыстық «Зерде» озат тәжірибе мектебінен алған іс-тәжірибесімен бөлісті.

Аталған семинар қатысушылардың көнілінен шығып, алғыстарын білдірді.

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2