«Туған өлке» атты облыстық қашықтан оқыту байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы мәлімет

There are no translations available.


2010 жылдың 28-29 мамыры аралығында БҚО білім басқармасының 2010 жылғы 16 сәуірдегі №264 бұйрығына сәйкес, Бөкейорда ауданы, Жәңгір хан атындағы ЖОББМ базасында «Туған өлке» атты облыстық қашықтан оқыту байқауының облыстық кезеңі өткізілді.


Байқауға Бөрлі ауданының №3 ЖОББМ, Бөкейорда ауданының М.Мәметова атындағы ЖОББМ, Зеленов ауданының Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ, Жаңақала ауданының Жаңақала ЖОББМ, Жәнібек ауданының Т.Жароков атындағы ЖОББМ, Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы ЖОББМ, Казталов ауданының Богатырев ЖОББМ, Тасқала ауданының ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ЖОББМ және Орал қаласының №34 ЖОББМ мұғалімдер командасы қатысты. Ақжайық ауданының М.Әуезов атындағы ЖОББМ және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты облыстық байқауға қатыспады.
Қазылар алқасының шешіміне орай:
I орынға ие болған Жаңақала ауданының Жаңақала ЖОББМ дипломмен және бағалы сыйлықпен («NB ACER e-Machines 250» нетбугы); II орынға ие болған Бөкейорда ауданының М.Мәметова атындағы ЖОББМ дипломмен және бағалы сыйлықпен («BenQ Digital Camera DV M1» бейнекамерасы); III орынға ие болған Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ЖОББМ дипломмен және бағалы сыйлықпен («AIO Samsung SCX-4300» көпфункционалды принтері) марапатталды.
«Туған өлкесінің тарихын үздік білушілер» номинациясы бойынша Жәнібек ауданының Т.Жароков атындағы ЖОББМ, «Таңдаулы дизайнерлік қабілеттілігі» номинациясы бойынша Бөрлі ауданының №3 ЖОББМ, «Тапқырлар» номинациясы бойынша Казталов ауданының Богатырев ЖОББМ, «Таңдаулы бейнетаспа» номинациясы бойынша Тасқала ауданының ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы, «Жаңа технологияны үздік қолданушылар» номинациясы бойынша Орал қаласының №34 ЖОББМ грамотамен және бағалы сыйлықпен (Panasonic kx-tg 1311 телефоны) марапатталды.
Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы ЖОББМ және Зеленов ауданының Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ байқауға белсене қатысқаны үшін грамотамен және бағалы сыйлықпен (Logitech WebCam C120 вебкамерасы) марапатталды.
Бөкей Ордасы тарихи-мұражай кешені және Бөкейорда ауданының Жәңгір жан атындағы ЖОББМ ұжымы байқауды өткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен (Logitech WebCam C120 вебкамерасы) марапатталды.

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2