«INFOMAN-2010» облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің өткізілуі туралы ақпарат


Оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру, ғылыми техникалық білім және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамытуды насихаттау мақсатында 2010 жылдың 27-28 сәуірі аралығында БҚО білім басқармасының бұйрығына және облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында V облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді. Турнир жұмысына Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Шыңғырлау аудандары, Орал қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектеп-интернат және облыстық сауықтыру мектеп-интернаты командалары қатысты.

 

Турнир 5 тур бойынша өткізілді:

  • «Тағы да информатика туралы» - информатика теориясы бойынша тестілеу;
  • «Жауап іздеуде» - «Ойлау. Санау жүйелері» тақырыбына есептер шешу;
  • «Блок-сызбадан бағдарламаға дейін» - Pascal тілінде бағдарламалау;
  • «Өзіңді таныт» - берілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс орындау;
  • «Не? Қайда? Қашан?» ойыны.

Жалпы командалық жарыстың жеңімпаздары:

  • 1 орын – Орал қаласының командасы (диплом және бағалы сыйлық «МФУ Samsung»);
  • 2 орын - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат командасы (диплом және бағалы сыйлық «Samsung бейнекамерасы»);
  • 3 орын - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектеп-интернат командасы (диплом және бағалы сыйлық «Samsung фотоаппараты»);
  • Тасқала ауданының командасы ойлау тапсырмаларын шешуде үздік білім көрсеткені үшін грамотамен және бағалы сыйлықпен (Samsung фотоаппараты) марапатталды.

Жалпы жеке жарыстың жеңімпаздары:

  • 1 орын – Орал қаласының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Манахов Надир (диплом және бағалы сыйлық «Nokia ұялы телефоны»);
  • 2 орын - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Рысқалиев Салават (диплом және бағалы сыйлық «Сабвуфер Genius 5.1»);
  • 3 орын - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектеп-интернатының оқушысы Тілеуғалиев Нұржан (диплом және бағалы сыйлық «Panasonic телефоны»).

Қорытынды кесте

Көшіріп алу (Excel) 

Турнирлік фото 

«Тағы да информатика туралы»


«Жауап іздеуде»


«Блок-сызбадан бағдарламаға дейін»


«Өзіңді таныт»

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2