«Білім беру робот техникасы: оқытудың әдістері мен практикасы, оқу үдерісіне енгізу тәжірибесі» облыстық әдістемелік семинар

Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткен «Білім беру робот техникасы: оқытудың әдістері мен практикасы, оқу үдерісіне енгізу тәжірибесі» облыстық әдістемелік семинардың қорытындысы туралы

Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығы оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияларды тиімді қолдануын арттыру, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 25 сәуірінде «Білім беру робот техникасы: оқытудың әдістері мен практикасы, оқу үдерісіне енгізу тәжірибесі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинарды Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткізді.

Семинар барысында өз іс-тәжірибелерімен Л.Қылышев атындағы ЖОББМ мұғалімдері М.Ж.Баймұқан және М.Ж.Жумагалиев, А.Тихоненко атындағы атындағы ЖОББМ мұғалімі А.А.Тағаниязова, Тасқала ауданы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының директоры, робототехника үйірмесінің жетекшісі Б.Б.Мауленов бөлісті.

Мектеп дәлізінде қатысушылар үшін робототехника бойынша арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Бөкей ордасы ауданы Жәңгірхан ат. ЖОББМ мұғалімі Х.Б.Хасенгалиевтің «Смарт чемодан», Қаратөбе ауданы Қоскөл ЖОББМ мұғалімі Ү.Т.Амангалиеваның «Ақылды қыз», Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы ЖОББМ мұғалімі М.Ж.Жумагалиевтің «Робобалақай», Шыңғырлау ЖОББМ мұғалімі Д.А.Сарбаева «Кубик құрастыру» және А.Тихоненко атындағы атындағы ЖОББМ мұғалімі А.А.Тағаниязованың «Өрт сөндіргіш машина», Жаңақала ауданы №3 ҚЖОББМ мұғалімі Г.И.Есенованың «Киім бүктеу аппараты» сияқты жұмыстары қойылды.

ІТ сынып мұғалімдеріне роботтарға кедергілерден өту, лабиринтте жүру, өрт сөндіру машинасының бағдарламаларын құру, 3D модельдер құру және оны баспаға беру тақырыптары бойынша практикум сабақтары өткізілді.

Семинардың өту барысы www.youtube.com сайтының ЗКО ЦИО каналында трансляция жүргізілді.

 

 1

13 

2 

3 

4 

5 

6 

7 

8 

9 

10 

12 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2