Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығы оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияларды тиімді қолдануын арттыру, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 12 сәуірде «Заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үдерістері» тақырыбында жас информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинарды Бәйтерек ауданы Дариян мектеп – гиназия – интернатында өткізді.

Семинар барысында өз іс-тәжірибелерімен Өркен ЖОББМ мұғалімі А.Е.Қабиева, Зеленый ЖОББМ мұғалімі А.С.Мырзағалиева, Трекин ҚЖОББМ мұғалімі А.Е.Қабекен, Ульянов ЖОББМ мұғалімі Д.А.Ажгалиева, Махамбет ЖОББМ мұғалімі Н.М.Алишева, Новеньков ЖОББМ мұғалімі Т.Қ.Есенова, Макаров ЖОББМ мұғалімі Г.Б. Акбулатова, Дариян МГИ Г.А.Абишев және психолог Ж.А.Калиева, Достық ЖОББМ мұғалімі О.Б.Адиева бөлісті.

Жас мұғалімдер ашық сабақтардан жаңартылған білім мазмұнына сай белсенді әдіс – тәсілдердің тиімді қолданылуын, оқушыларды критериалды бағалауды, шеберлік сағатынан бағалау тапсырмаларын жасақтауды, ІТ сыныптағы практикум сабағынан 3D модельдер құру және оны баспаға беруді көре алды.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелі ұстаздарға алғыстарын білдірді.

1 

1 

1 

1 

1 

1 

1 

1 

1 

1 

1 

1 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2