«Лого, scratch программалау ортасы» он-лайн сабағының қорытындысы

Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 26 ақпан күні 5 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша  «Лого, scratch программалау ортасы» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Казталов ауданы Қараөзен мектеп-лицейінің  информатика пәнінің мұғалімі Шауленова Маншук Габдулкаримовна өткізді.

Мұғалім сыныпты ұйымдастырып, «Кубизм» әдісімен үй тапсырмасын тексеріп, «Инсерт» әдісімен жаңа тақырыпты меңгертті. Сабақ барысында жеке, топтық, компьютермен жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілді. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті. Сабақ соңында рефлексия өткізілді.

Сабақ соңында қатысушылар М.Ш.Шауленовағаға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1 

2 

3

4

5

6

7 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2