«Лабиринт, виртуалды лабиринт. Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру» он-лайн сабағының қорытындысы

Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 24 қаңтар күні 5 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша  «Лабиринт, виртуалды лабиринт. Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты «Сәулет» мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Зайтукова Асель Джумабаевна өткізді.

Мұғалім сыныпты ұйымдастырып, «Мозайка» әдісін қолданып, сыныпты 3 топқа бөлді. Сабақ барысында жеке, топтық, компьютермен жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілді. Мұғалім  htts://kahot.com/ сайтын қолданып, оқушыларға тест  орындатты. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті. Сабақ соңында рефлексия өткізілді.

Сабақ соңында қатысушылар А.Д.Зайтуковаға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1 

2 

3

4 

5 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2