Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 25 қазан күні 8 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша  «Cybersecurity» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №8 ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Калиева Навия Абусалыховна  өткізді.

Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында мұғалім үй тапсырмасын «Refresh of learned» әдісін қолданып, сыныпты 2 топқа бөлді. Сабақ барысында жеке, топтық, компьютермен жұмыстар ұйымдастырылып, кітаппен, дәптермен жұмыс жүргізілді. Мұғалім "Джигсо" әдісін, Learning.Apps socrative.com сайттарын, қолданып, оқушыларға интерактивті тапсырмалар орындату арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті. Сабақ соңында рефлексия өткізілді. Сабақ ағылшын тілінде таныстырудан басталды.

Сабақ соңында қатысушылар Н.А.Калиеваға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

2 

3 

4 

5 

 

 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2