«Нормативті құжаттарды рәсімдеу» облыстық жас мұғалімдерге арналған әдістемелік он-лайн семинар-консультацияныңқорытындысы

Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу мақсатында 2018 жылдың 20 қыркүйек күні он-лайн режимінде информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «Нормативті құжаттарды рәсімдеу» тақырыбында әдістемелік семинар-консультация өткізілді.

Семинар-консультация барысында өз іс-тәжірибесімен Шыңғырлау ауданы Л.Қылышов атындағы ЖОББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі Ж.Ж.Ибраемова «Жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарға арналған сынып және факультатив, үйірме сабақтарының журналын жүргізу талаптарымен таныстыру», Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 МГ-ның информатика пәнінің мұғалімі М.К.Турегалиева «Электронды журналды толтыру» тақырыптары бойынша ой бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

1

2 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2