Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 13 ақпандағы №117 бұйрығына және облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары, Орал қаласы және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатынан барлығы 10 информатика пәні мұғалімі қатысты.

Қатысушыларға бес есепке 2 сағаттан уақыт берілді, осы уақыт аралығында Паскаль, С++ бағдарламалау тілдерінде қатысушының таңдауы бойынша есептердің бағдарламасы құрылды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын – Теректі ауданы Магистральный жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Маноли Роман Сергеевич;
II орын – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Мырзахметов Мұрат Қуанышкерейұлы;
III орын – Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №1 мектеп-балабақша-кешенінің информатика пәні мұғалімі Клоков Дмитрий Владимирович.

Номинация иеленгендер:
1. «Қайсар бағдарламашы» - Ақжайық ауданы Тайпақ жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Бармашева Ардақ Шәріпқызы және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Хайруллина Айнұр Қадыржанқызы;
2. «Шапшаң бағдарламалаушы» - Орал қаласы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Роберг Наталья Геннадьевна.

b1 b2

1 2

3 4

5 6

7

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2