«Құрамды шартты программалау» он-лайн сабағының қорытындысы


Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 15 наурыз күні 7 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша «Құрамды шартты программалау» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Ақжайық ауданы Бударин мектеп-бөбекжай кешенінің информатика пәні мұғалімі Бегимбетова Алиса Сериковна өткізді.

Мұғалім сыныпты 3 топқа бөліп, үй тапсырмасын «kahoot.it» сайтында құрылған тест тапсырмасы арқылы тексерді. Жаңа тақырыптың мағынасын ашу мақсатында оқушыларға фронталды сұрақтар қойылып, сабақ үрдісінде саралап оқыту технологиясы қолданды. Сабақ барысында жеке, топтық, компьютермен жұмыстар ұйымдастырылып, цифрлық білім беру ресурстары LearningApps.org сайтында тиімді қолданылды. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында қатысушылар А.С.Бегимбетоваға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

1

1

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2