XIII облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі


2018 жылдың 27 сәуір күні облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Infoman» интеллектуалдық компьютерлік турнирі өткізіледі.

Турнирдің мақсаты мектеп оқушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын дамыту және нығайту, жалпы интеллектуалдық сипаттағы шығармашылық ойлауды, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқытылатын пәнге қызығушылықты арттыру болып табылады.

Турнирдің міндеттері:
- дарынды, зерек және қабілетті оқушыларды анықтау;
- оқушылардың жаңа ақпараттық және компьютерлік технологияларға деген қызығушылығын дамыту және бекіту;
- оқушыларды таңдаған бағытында өзін-өзі дамытуға талаптандыру;
- оқушылар арасында интеллектуалдық ойындар, байқаулар, жарыстар және олимпиадаларды тарату;
- оқушыларды басқа балалардың шығармашылық жетістіктерімен таныстыру.

Турнир 5 тур бойынша өткізіледі:
1. Информатика теориясының білгірлері;
2. Алгоритмдеу және бағдарламалаудың білгірлері;
3. Арифметикалық және логикалық есептердің білгірлері.
4. Роботты техниканың білгірлері.
5. Интернет білгірлері.

b1 b2

Ережені жүктеу (қазақша)

Ережені жүктеу (орысша)

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2