«Сабақтағы АКТ» облыстық бейнесабақтар байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 30 қаңтардағы №74 бұйрығына және облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 ақпан күні «Сабақтағы АКТ» облыстық бейнесабақтар байқауы өткізілді.

Байқауға Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары және М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты қатысты.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын
– Жаңақала ауданы С.Мендешов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  мұғалімі Ізбасарова Айгүл Сапарғалиқызы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Жәнібек ауданы А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Рамазанова Гүлжихан Кенжебайқызы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Казталов ауданы Казталовка жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ибатов Мерхат Жеңісұлы (диплом және бағалы сыйлық).

Номинацияға ие болған:
«Интерактивті бейнесабақ» - Зеленов ауданы Асан жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Б.И.Жангирова және Тасқала ауданы С.Жақсығұлов атындағы  жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ю.А.Зулкашева.

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2