«Кестелер. Кестелерді құру. Кестелерді түзету» он-лайн сабағының қорытындысы


Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 13 ақпан күні 6 сынып оқушыларына информатика пәні бойынша «Кестелер. Кестелерді құру. Кестелерді түзету» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Зеленов ауданы Дарьинск ЖОББҚМ-нің информатика пәні мұғалімі Абишева Гульбану Ахатовна өткізді.

Мұғалім үй тапсырмасын «Жұбын тап» ойыны арқылы тексеріп, сыныпты 3 топқа бөлді. Жаңа тақырыпты Гүлбану Ахатовна Camtasia studio бағдарламасында жасаған бейнеролигі арқылы түсіндірді. Сабақ барысында жеке, топтық, компьютермен жұмыстар ұйымдастырып, үш тілде компьютерлік терминдердің атауларын атап өтті. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында қатысушылар Г.А.Абишеваға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

2

3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2