Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Астананың 20 жылдығына арналған «Асқақ қала - Астана» облыстық компьютерлік сурет байқауы


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында облыстық білім басқармасымен 2018 жылдың 29 қаңтары мен 7 наурызы аралығында жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында Астананың 20 жылдығына арналған «Асқақ қала - Астана» облыстық компьютерлік сурет байқауы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты оқушыларды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, астананың даму тарихына деген ой-өріс пен қызығушылықты дамыту және оқушыларға компьютерлік графикамен жұмыс жасау дағдыларын меңгерту болып табылады.

Байқау ережесі бойыншы оқушылар қазылар алқасына «Smart Астана», «Кешегі және бүгінгі қала», «Астана қаласының логотипі» номинациялары бойынша CorelDRAW немесе Photoshop графикалық бағдарламаларында орындалған жұмыстарын ұсынулары қажет.

Байқау қорытындылары 2018 жылдың 7 наурызында www.ciso.kz сайтында жарияланады.

1

Ережені жүктеу (қазақша)

Ережені жүктеу (орысша)

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2