Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің төртінші ауысымының қорытындысы


Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдерін С++ бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2017 жылдың 20-22 желтоқсаны аралығында информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің төртінші ауысымы он-лайн режимінде өткізілді.

«Зерде» мектебіне әр аудан (қала) бойынша бір информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 12 адам. Жалпы мектеп жұмысында мұғалімдерге деңгей бойынша олимпиада есептері қарастырылды.

«Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды. С++ бағдарламалау тілі курсын бітірген мұғалімдерге аудан көлемінде семинарлар өткізу ұсынылды.

1

2

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2