«Мұғалім блогы» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 21 қаңтардағы №44 бұйрығына және облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қараша күні «Мұғалім блогы» облыстық қашықтық байқауы өткізілді.

Байқауға 11 информатика пәні мұғалімі қатысты.

Қазылар алқасы блогтың дизайнына, материалдардың қолжетімділігіне, сапалылығына, автордың өз үлесіне аса назар аударды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын
– Орал қаласы №44 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.У.Қабекенова (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Зеленов ауданы Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.А.Абишева (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімі А.О.Насымбаева (диплом және бағалы сыйлық).

Номинацияға ие болған:
«Әдістемелік сайт»
- Тасқала ауданы "Сәулет" мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Г.Сараева, Казталов ауданы К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі С.Кабулова, Орал қаласы №27 мектеп-лицейінің мұғалімі З.К.Сапина.

1-орын. http://www.bilim44mg.kz
2-орын. i-teacher.kz
3-орын. http://uralkizi.alllo.kz

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2