«Алгоритм типтері» он-лайн сабағының қорытындысы

There are no translations available.


Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдың 17 қараша  күні информатика пәні бойынша 6 сынып оқушыларына «Алгоритм типтері» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Гарифуллина Гулзада Тулегеновна өткізді.

Сабақ басында мұғалім үй тапсырмасын тест арқылы тексерді, жаңа тақырыпты түсіндіруде Bilimland.kz білім беру порталын қолданып, сабақ үрдісінде жеке жұмысты компьютермен тиімді ұйымдастырды. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында қатысушылар Г.Т.Гарифуллинаға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1 2

3 4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2