«Үздік электрондық оқу-әдістемелік кешен» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №756 бұйрығына және облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 қараша күні «Үздік электрондық оқу-әдістемелік кешен» облыстық информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өткізілді.

Байқауда жалпы орта білім беретін мектептер мен колледждер бойынша барлығы 17 электрондық оқу-әдістемелік кешен қаралды.

Қазылар алқасы электрондық оқу-әдістемелік кешендерді бағалау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуына, кешеннің интерактивтілігіне, автордың өз үлесі мен қосымша материалдарды қолдануына аса назар аударды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

I орын – Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің мұғалімі Жигалина Светлана Викторовна және Орал ақпараттық технологиялар колледжінің мұғалімі Ищанова Гүлнар Қанатқызы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Сырым ауданы Бұлан жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Турганалиева Жанаргүл Ганмиржанқызы және Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің мұғалімі Сарсенбаева Жаннат Байжановна (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Байғуатова Шынар Мәуленқызы және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің мұғалімі Таутешова Бибінұр Талғатқызы (диплом және бағалы сыйлық).

Номинацияға ие болған:

«Шебер техникалық шешім» - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің мұғалімдері Р.С.Султангалиев, А.О.Ералиева және Г.Б.Султанова.

1 2

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2