"Кешегі және бүгінгі аула ойындары" тақырыбындағы облыстық мультимедиалық жобалар байқауы


Шығармашылық қызығушылықты дамыту, мультимедиалық жобалар байқауына қатысу дағдыларын жетілдіру, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатырған үйреншікті аула ойындарының неліктен өткеннің еншісінде қалғанын анықтау және қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының теңгерімі мен көлемін сақтай отырып, ата-аналарымыздың балалық шағының бір бөлігін сақтау мақсатында 2017 жылдың 15 қыркүйегі мен 27 қазаны аралығында облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығы және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Кешегі және бүгінгі аула ойындары" тақырыбындағы облыстық мультимедиалық жобалар байқауы өткізіледі.

Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:

- І кезең аудандық (қалалық) 2017 жылғы 15 қыркүйек - 16 қазан аралығында өтеді.

І-кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері II-кезеңге қатысуға сұраныстарын жолдайды (әр ауданнан, облыстық мектептерден және Орал қаласынан бір командадан).

- ІI кезең (облыстық) ағымдағы жылдың 27 қазанында Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй мекен-жайы бойынша сырттай өтеді.

1

Ережені жүктеу (қаз)

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2