«My robot» облыстық байқауының қорытындысы

«My robot»

облыстық байқауының қорытындысы

 

Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 27 сәуірдегі №318 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 17 мамыр күні Орал қаласының «Оқушылар сарайы» базасында 9-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «My robot» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары мен Орал қаласының мектептері, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешені, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»лицейі, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушыларынан құралған 89 команда қатысты.

 

Байқау 5 категория бойынша өткізілді: сызық бойымен жүру бастаушылар үшін, сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін, кегельринг, кегельринг-квадро, сумо.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

 

«Сызық бойымен жүру бастаушылар үшін» категориясы:

І орын - Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің «P-kaz SOSH» командасы;

ІІ орын - Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің «Saulet» командасы;

ІІІ орын - Теректі ауданы Магистральный жалпы орта білім беретін мектебінің «АМІ» командасы;

«Сызық бойымен жүру жалғастырушылар үшін» категориясы:

І орын - Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп - гимназиясының «Кирпечек» командасы;

ІІ орын - Орал қаласы №38 мектеп-лицейінің «ROBOMONSTER» командасы;

ІІІ орын - Орал қаласы №44 жалпы орта білім беретін мектебінің «44 EV3» командасы;

«Кегельринг» категориясы:

І орын - Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің «P-kaz SOSH» командасы;

ІІ орын - Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясының «Ақжайық» командасы;

ІІІ орын - Бөрлі ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің «Бөрлі таңы» командасы;

«Кегельринг-квадро» категориясы:

І орын Бөрлі ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің «Ақсай-3» командасы;

ІІ орын Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының «Robo42» командасы;

ІІІ орын Бөкей ордасы ауданы Жәңгірхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Хан ордасы - 1» командасы;

 «Сумо» категориясы:

І орын - Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының «Винчестер» командасы;

ІІ орын - Теректі ауданы Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Хамза Есенжанов» командасы;

ІІІ орын - С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешенінің «Валли» командасы марапатталсын.

 

Номинация иеленгендер:

1. «Ұйымшыл команда» номинациясы - Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп-гимназиясының «LEGO-2» командасы;

2. «Жігерлі команда» номанициясы - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»лицейінің«Flash» командасы;

3. «Бағдарламашылар» номинациясы - Теректі ауданы Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «High Technoiogies» командасы;

4. «Үздік бағдарламашылар» номинациясымен С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешенінің «Nomad» командасы;

5. «Ерекше робот» номинациясымен Орал қаласы №43 жалпы орта білім беретін мектебінің «Alpha Team» командасы;

6. «Жігерлі робот» номинациясымен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»лицейінің«Dark Siders» командасы;

 

7. «Бағдарламалаушылар» номинациясымен Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің «Saulet» командасы.

1

2 

 3

4

5 

6 

7 

8 

9 

9 

10 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2