XII облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің қорытындысы туралы


Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 13 наурыздағы №172 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Орал қаласының №47 ЖОББМ базасында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында XI облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді.

Турнирге Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының мектептері, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешені және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушыларынан құралған 15 команда қатысты.

Турнир 5 тур бойынша өткізілді:
1. «Информатика теориясының білгірлері» - информатика теориясы бойынша тестілеу;
2. «Арифметикалық және логикалық есептердің білгірлері» - логикалық есептер шешу. Есептеу жүйелері.
3. «Алгоритмдеу және бағдарламалаудың білгірлері» - алгоритмдеу және бағдарламалау;
4. «Интернет білгірлері» - Интернет желісінде материалды табу бойынша білімдерін тексеру.
5. «Офистік бағдарламалардың білгірлері» - офистік бағдарламалары бойынша білімдерін тексеру.

Жалпы командалық сайыстың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласының "Электроника - 01" құрама командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешенінің командасы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Зеленов ауданының Камен ЖОББМ "3 терабайта" командасы (диплом және бағалы сыйлық).

Жалпы жеке сайыстың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің оқушысы Манахов Альберт (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушысы Хамидуллов Әділ (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешенінің оқушысы Мулдашев Турар (диплом және бағалы сыйлық).

Номинациялар:
«Информатика теориясының білгірлері» - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушысы Иванова Екатерина,  Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ оқушысы Койшугулов Темирғали және Зеленов ауданы Камен ЖОББМ оқушысы Красиков Максим (грамота);
«Арифметикалық және логикалық есептердің білгірлері» - Ақжайық ауданы Қаршы ЖОББМ оқушысы Сарсенбаева Аружан, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ оқушысы Макаримов Данияр, Тасқала ауданы "Сәулет" мектеп-лицейінің оқушылары Самиев Жарас және Кужбанова Баянсұлу (грамота);
«Интернет білгірлері» - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушысы Кенжебаев Артем және С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешенінің оқушысы Сариев Мирас (грамота).
«Офистік бағдарламалардың білгірлері» - Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ оқушысы Избасаров Саят және Зеленов ауданы Камен ЖОББМ оқушысы Завада Кирилл (грамота).

b1 b2

1 2

3 4

5 6

7 8

9

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2