«Білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы үздік аудандық (қалалық) баяндама» атты облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 4 сәуірдегі №236 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарының шығармашылық бастамаларын анықтау  және қолдау мақсатында ағымдағы  жылдың жиырма сегізінші сәуірінде «Білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы үздік аудандық (қалалық) баяндама» атты облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға 11  аудандық және 1 қалалық білім беру бөлімдері қатысты. Бөрлі ауданының білім беру бөлімі қатыспады (баяндамасын ұсынбады).

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
І орын – Орал қаласы;
ІІ орын – Казталов ауданы;
ІІІ орын  – Жаңақала ауданы болып танылды.

Байқаудың жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2