«Web-бетке gif – анимация және баннерлерді кірістіру. Сайтты жариялау» он-лайн сабағының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкесжас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2017 жылдың 25 сәуір күні информатика пәні бойынша 10 сынып оқушыларына «Web-бетке gif – анимация және баннерлерді кірістіру. Сайтты жариялау» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді.

Он-лайн сабақты Орал қаласы А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Мурзагалиева Гулмира Шугаевна өткізді.

Сабақ басында мұғалім үй тапсырмасын kahoot.it бағдарламасын қолданып он-лайн режимінде оқушылардың смартфондарының көмегімен тест тапсырмасын орындату арқылы тексерді. Cыныпта топтық, венн диаграммасын толтыру жұмыстары ұйымдастырылды. Үштілді білім берудің элементтері қолданылды.

Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында қатысушылар Г.Ш.Мурзагалиеваға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1 2

3 4

5 6

7 8

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2