«Дыбыстық ақпаратты өңдеу» он-лайн сабағының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдың 18 сәуір күні информатика пәні бойынша 5 сынып оқушыларына «Дыбыстық ақпаратты өңдеу» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Л.Н.Имангалиева өткізді.

Сабақ басында мұғалім оқушылармен шаттық шеңберін құрып, сыныпты үш топқа бөлді. Мұғалім сабақ үрдісінде жеке және топтық жұмысты тиімді ұйымдастырып, жаңа тақырыпты түсіндіруде Bilimland.kz білім беру порталын қолданды. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында қатысушылар Л.Н.Имангалиеваға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1 2

3 4

5 6

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2