Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 13 қаңтардағы №26 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың  27 ақпан күні Бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға барлық аудан және Орал қаласынан 12 информатика пәні мұғалімі қатысты. Қатысушыларға бес есепке 5 сағаттан уақыт берілді, осы уақыт аралығында бағдарламалау тілінде есептердің бағдарламасы құрылды. Қатысушылардың бағдарламалары Contester бағдарламасы арқылы автоматты түрде тексерілді.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

I орын – Орал қаласы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Мулдашева Айнагуль Алибековна;
 II орын – Ақжайық ауданы №1 ЖОББМ-нің мұғалімі Маужигитова Акрыс Габитовна;
III орын – Казталов ауданы Қайыңды ЖОББМ-нің мұғалімі Айдынгалиева Айгерим Қайырлиевна.

Номинация иеленгендер:


1.    «Ең шапшаң бағдарламалаушы» номинациясы - облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей интернатының мұғалімі Мырзатов Мұрат Қуанышкерейұлы
2.     «Бағдарламалауға бейім»  номинациясы - Зеленов ауданы Асан жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Гайсакова Асел Ибрагимқызы;
3.    «Қайсар бағдарламашы» номинациясы - Қаратөбе ауданы Қаракөл ЖОББМ-нің мұғалімі Рамазанова Гүлзия Қайрғалиқызы.

 

 

1 1

1 1

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2