«Жаңартылған білім мазмұны – мектеп тәжірибесінде» облыстық әдістемелік семинарының қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, роботты техника бойынша іс-тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың 21 ақпан күні Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейі базасында «Жаңартылған білім мазмұны – мектеп тәжірибесінде» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Сырым, Қаратөбе, Зеленов, Шыңғырлау, Казталов, Тасқала аудандары мектептерінің  информатика пәні мұғалімдері мен аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Барлығы - 38 мұғалім.

Семинарда роботты техника бойынша көрме, жәрмеңке ұйымдастырылып, жаңартылған бағдарлама және критериалды бағалау тақырыптарына шебер сыныптар өткізілді.

Аталған семинар қатысушылардың көңілінен шығып, алғыстарын білдірді.

1 2

3 4

5 6

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2