Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің бірінші аусымының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдеріне С++ бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2017 жылдың 9-13 қаңтар аралығында бескүндік информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің бірінші ауысымы өткізілді. «Зерде» мектебіне әр аудан (қала) бойынша бір информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 13 адам. Жалпы бес күндік мектеп жұмысында «С++тілінің негізгі операторлары»,«С++ тілінің элементтері, Деректер типі. Операциялар және өрнектер», «С++ тіліндегі сызықтық, тармақталу, циклдарды программалау», «Жиым. Бір өлшемді массив»тақырыптары бойынша әртүрлі бағытта есептер шығарылды. Келесі ауысымға мұғалімдерге үй тапсырмасы берілді.

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2