«Үздік информатика кабинеті - 2016» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 10 тамыздағы №632 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 қазан күні «Үздік информатика кабинеті-2016» облыстық информатика кабинеті байқауы өткізілді.

Байқауға барлығы 12 кабинет меңгерушісі қатысты. Байқау барысында қазылар алқасы информатика кабинетінің жағдайы, безендірілуі, құжаттардың толтырылуы және кабинет жұмысының тиімді ұйымдастырылуына басты назар аударды.

Байқау жеңімпаздары:
I орын
– Шыңғырлау ауданының А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кабинет меңгерушісі Анаргүл Аманкелдіқызы Таганиязова (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Қаратөбе ауданының Қалдығайды жалпы орта білім беретін мектебінің кабинет меңгерушісі Нұргүл Мәлікқызы Жұбаниязова (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Орал қаласы №46 жалпы орта білім беретін мектебінің кабинет меңгерушісі Гүлбаршын Жақсыгерейқызы Нұрғалиева (диплом және бағалы сыйлық);

Номинацияға ие болғандар:
«Кабинеттің үздік эстетикалық безендірілуі»
- Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің кабинет меңгерушісі М.Н.Мухамбеткалиева;
«Кабинеттің үздік техникалық жағдайы» - Ақжайық ауданының О.Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің кабинет меңгерушісі А.Н.Ибатова;
«Кабинеттің үздік оқу-әдістемелік қамсыздандырылуы» - Зеленов ауданының Дарьян қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің кабинет меңгерушісі Г.А.Абишева.

1 2

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2