Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық мультимедиалық жобалар қорытындысы туралы


Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі №706 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі мен 26 қазаны аралығында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық мультимедиалық жобалар байқауы өткізілді.

Байқауда «Ширек ғасырдағы индустрияның дамуы», «Менің өлкем және Тәуелсіздік», «Қазақстанның Тәуелсіздік алу кезеңдері», «Мен Тәуелсіздік құрдасымын»  тақырыптары бойынша жобалар тыңдалды.

Байқаудың жеңімпаздары:
І орын - Бөкей ордасы ауданының М.Бегалиева атындағы ЖОББМ командасы (диплом және бағалы сыйлық);
ІІ орын - Зеленов ауданының Зеленов ЖОББМ командасы (диплом және бағалы сыйлық);
ІІІ орын - Бөрлі ауданының Пугачев мектеп-балабақша кешенінің командасы (диплом және бағалы сыйлық).

Номинациялар:
«Мағлұматты ерекше ұсынғаны үшін» - Ақжайық ауданының №1 ЖОББМ командасы (грамота).
Қалған командаларға қатысу сертификат берілді.

1

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2